Дильназ Ахмадиева мектеп кезіндегі суреттерін жариялады

Әнші Дильназ Ахмадиева Instagram желісіндегі парақшасында мектеп кезіндегі суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жұлдыз суреттен өзін таныған сыныптастарын үн қатуды сұрады.

"Маған олардың өмірінде не болып жатқаны қызықты. Менің сыныптастарым, менің достарым! Осы суреттерден өзін танығандар үн қатыңыздар, барлық сыныптастарымның басын қосқым келеді... Рақмет 8-ші мектепке, ескіні аңсау", - деп жазды әнші суреттің сипаттамасына. 

Реклама
Реклама

Қолданушылар Дильназ Ахмадиеваның жымиған күлкісін ерекше атап өтіп жатыр. "Барлық суретте жымиып түсіпсіз, Дильназ, Сіз ғажапсыз!", - деп жазды arunaorazbekova.

 

Дильназ Ахмадиева - қазақстандық әнші. Бала кезінен шығармашылық саламен айналысып келеді. 2002 жылы Юрмалада өткен "Новая волна" байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетті. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама