Димаш Құдайберген болашақ жары қандай болуы керек екенін айтты

Димаш Құдайберген. © Instagram.com

Димаш ??дайберген ?ытайды? Fans Fans Nan You ба?дарламасына берген с?хбатында ?зіне ?найтын ?ызды сипаттап айтып берді. Б?л туралы Massaget.kz басылымы жазады.

Димаш Құдайберген Қытайдың Fans Fans Nan You бағдарламасына берген сұхбатында өзіне ұнайтын қызды сипаттап айтып берді. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазады.

"Қыздардың бәрі жақсы. Әркімнің өз қалауы болады. Өз басым нәзік, биязы, иманжүзді, салмақты, ер азаматын, ер азаматының ата-анасын өте сыйлайтын, ақжарқын мінезді, кең пейілді, нәзік жүректі қыздарды ұнатамын. Солай болуы керек деп ойлаймын. Өйткені ошақ басын ұстап тұратын бір адам емес, сол себепті ер азаматтың мерейін үстем қылып отыратын да әйел адам екенін білесіздер. "Қандай қызды ұнатасың?" деген бір сұраққа жауап бергенде "Менің анам сияқты қыздарды ұнатамын" дер едім. Менің анамның мінезі қандай, дәл сондай мінезді, дәл сондай жан, дәл сондай перизат табылса, менің көңілімдегі қыз - сол болмақ", - деді әйгілі әнші.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қабылдап, батасын берген болатын.

Ал мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама