06 маусым 2022 | 11:07

Димаш Құдайберген көптен күткен арманы орындалғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
©kudaibergenov.dimas

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Меккеге қажылыққа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Меккеге қажылыққа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram-парақшасында Меккеде түскен суреттерін жариялады. Ол бұл сапарды көптен армандап жүргенін айтқан.

"Алланың қалауымен Меккедеміз. Осы қасиетті мекенге жетуімізді нәсіп еткен Алла тағалаға сансыз шүкіршілік. Мен әжелерімді осы сапарға әкелуді көптен армандадым. Бүкіл әлемде бейбітшілік болып, жер бетіндегі барлық адамдар бақытты болсын!!!

Реклама
Реклама

Димаштың тыңдарманы оны қолдап, түрлі пікір қалдырған. 

"Екі әжеңізді бірдей Меккеге апарып, перзенттік парызды орындадыңыз. Жарайсыз, Димаш! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Екі әженің өмірі ғұмырлы болсын!", "Қабыл болсын!", "Сен таңғалдырып әрі тамсандырып отырсың", - деп жазып жатыр оқырман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram