ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2023 | 14:50
Димаш, Роза Рымбаева және Райм: әртістердің мемлекеттік концерттерден алатын гонорары белгілі болды
Мәдениет және спорт министрлігі Ашық НҚА порталында құжат әзірлеп, жариялады. Онда отандық әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы ақпарат жарияланады, - деп хабарлайды Tengri Life.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәдениет және спорт министрлігі Ашық НҚА порталында құжат әзірлеп, жариялады. Онда отандық әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы ақпарат жарияланады, - деп хабарлайды Tengri Life.
Құжат мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 ақпандағы №51 "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізуге бағытталған.
"Ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерді өткізуге қызмет көрсету құнына әртістердің мәртебесі, беделі, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейі әсер етеді.
Мысалы, форматына қарай осы санатқа Қазақстан Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның Халық әртісі атақтары бар бірнеше әртістерді бір мезгілде қосуға болады (мысалы: Әлібек Дінішев - 5 миллион теңгеден, Роза Рымбаева - 5 миллион теңгеден, Айман Мұсақожаева - 5 миллион теңгеден, Үсенбаева Нұржамал - 2 миллион теңгеден және тағы басқалар", - делінген бұйрық жобасының негіздемесінде.
Жобаны әзірлеушілер "көрсетілген қызметтердің құны жоба бюджетінің 25 пайызынан және одан да көп болуы мүмкін, бұл пайыздық қатынастан асып түсетінін" атап өткен.
"Осылайша, ескертпелерді ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 10 пайызға дейін орындау мүмкін емес, осыған байланысты, осы стандартты жобаның жалпы сомасының 25 пайызға дейін арттыруды сұраймыз", - делінген құжатта.
Айта кетейік, нарықтық талдау негізінде жасалған құжатта басқа қазақстандық әртістердің гонорары қарастырылған:
- Димаш Құдайберген - 10 миллион теңге және одан көп;
- Мария Мудряк - 5,5 миллион теңге;
- Мирас Жүгүнісов - 5,5 миллион теңге;
- Әлібек Дінішев-5 миллион теңгеден бастап;
- Роза Рымбаева - 5 миллион теңге;
- Айман Мұсақожаева - 5 миллион теңге;
- Майра Мұхаммедқызы - 3 миллион теңге;
- Ернар Садырбай - 2,5 миллион теңгеден бастап;
- Әли Оқапов - 2,5 миллион теңгеден бастап;
- Райм (Райымбек Бақтыгереев) - 2,5 миллион теңгеден бастап;
- Koba (Қобыланды Болат) - 2 миллион теңгеден бастап;
- Садриддин Наджмиддин - 2 миллион теңгеден бастап;
- Үсенбаева Нұржамал - 2 миллион теңгеден бастап
- Дастан Оразбеков - 1,5 миллион теңгеден бастап;
- Жанар Дұғалова - 1,5 миллион теңгеден бастап;
- Алтынай Жорабаева - 1,5 миллион теңгеден бастап;
- Madi Rymbaev-1,5 миллион теңгеден және одан жоғары;
- Әлішер Кәрімов – 1,5 миллион теңге;
- Берік Айтжанов - 1,3 миллион теңгеден бастап;
- Азамат Сатыбалды - 1,3 миллион теңгеден;
- Асылбек Ергепов - 1,3 миллион теңгеден бастап;
- Медет Шотабаев - 1,25 миллион теңгеден бастап;
- Тамара Асар - 1,2 миллион теңге;
- Нұрлан Абдуллин - 1 миллион теңгеден бастап;
- Тұрар - 1-3 миллион теңге;
- Мәди Сыздықов - 700 мыңнан бастап;
- Динара Байзақова - 700 мыңнан бастап;
- Сағыныш Әбікеева - 550 мыңнан бастап;
- Сырым Қашқабаев - 500 мыңнан;
- Әділ Ахметов - 500 мың.
Жоба 10 шілдеге дейін қоғам талқылауында болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также