09 қаңтар 2020 | 11:11

Джастин Бибер өміріне қауіпті ауруға шалдықты

Джастин Бибер өміріне қауіпті ауруға шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Джастин Бибер өміріне қауіпті ауруға шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Көптеген адам Джастин Бибердің түрі быт-шыт болғанын, метамфетаминге "отырып" қалғаны туралы айтты. Бірақ ол адамдар менде Лайма ауру барын білмейді. Одан басқа созылмалы мононуклеоз өз әсерін беріп, менің терімнен көріне бастады, ми жұмысына, қуатыма және жалпы денсаулығыма қатты әсер етті", - деп жазды әнші. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, емдеу шаралары "екі ауыр жылға" созылған, алайда ол қазір сауығып келеді және қайтадан ән айта алады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Justin Bieber (@justinbieber) 8 Янв 2020 в 12:29 PST

Лайма ауруы - кене шағудан таралатын жұқпалы ауру. Симптомдары тұмауға ұқсас: науқастың ыстығы көтеріледі, бас ауырады, шаршай береді және терісі бөртеді. Дұрыс емделмеген жағдайда науқас қайтыс болады немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.

Джастин Бибер - канадалық әнші, әндердің авторы, музыкант, актер. What Do You Mean, Love Yourself, Let Me Love You (бірлесіп DJ Snake), 2U (бірлесіп Дэвид Геттой), Pray, You got it bad, One time, One less lonely girl және басқа да әндерімен танымал болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная