09 маусым 2022 | 13:24

"Дұғаларыңызға мұқтажбын". Әнші Ердос Қанаев оқырмандарын алаңдатып қойды

Фото: instagram.com/erdoskanaev

"Жігіттер" квартетінің солисі Ердос Қанаев оқырмандарын алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Жігіттер" квартетінің солисі Ердос Қанаев оқырмандарын алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram-парақшасында екі күн бұрын жазба жариялаған. 

"Дұғаларыңызға мұқтажбын...", - деп жазды әнші. 

Реклама
Реклама

Әншінің оқырмандары алаңдап, қолдау білдірген. 

"Алла жар болсын, балам. Аман жүр. Отбасың аман болсын. Алла бала-шағаңның қызығын көруді жазсын. Мұқтаж жандарға жанашыр болып, қолыңнан келгенше көмектесіп жүрсің ғой. Алладан қайтсын. Кейінгі кездері бір түрлі жүдеп кеткендейсің, уайымдап қалдым. Аман болшы, балам", "Ердосжан, жан бауырым, денсаулық зор байлық, таптырмас байлык, Алла амандығын берсін", "Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін", - дейді Желі қолданушылары. 

Tengrinews.kz тілшісі Ердос Қанаевтың өзімен байланысқа шығып, жағдайын сұрады. 

"Бәрі жақсы, Аллаға шүкір. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Кішкене ауырып қалдым. Сондықтан жазғаным ғой", - дейді әнші. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная