ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2018 | 20:52
Ерке Есмахан денсаулығының нашарлауына байланысты жанкүйерлермен кездесуден бас тартты
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан денсаулығының нашарлауына байланысты Шымкентте өзі түсірген фильмнің премьерасында жанкүйерлермен кездесуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан денсаулығының нашарлауына байланысты Шымкентте өзі түсірген фильмнің премьерасында жанкүйерлермен кездесуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол өзінің денсаулығы нашарлағаны туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Достар! Мен киноның xалыққа жол тартатын осы күндерін қатты күтіп едім. Кешеден бері түнімен ұйықтай алмай, мазам қашып, бүгін Шымкентке келіп, есімнен танып құлап қалдым. Ауруxанадан бір шықтым. Бүгін шымкенттік көрерменмен бірге кинозалдан фильм тамашалау жоспарланған еді. Бұйырмады... Кешірім сұраймын! Кино шықты деп арқамды кеңге жайып жібергендік пе, не болғанын түсінбей қалдым. Жан-жақтан көмек көрсетіп жүгіріп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Құрметті отандастар! Өздеріңіз үшін түсірілген "Маxаббат" кафесі" фильміне барып, қолдау білдірсеңіздер. Әйел адам нәзік келеді бәрібір. Осыншама жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере алмай, шорт сынып кеткендеймін. Алла жар болсын, - деп жазды Ерке Есмахан.
"Қайда?" хитінің авторы өзін қолдаған жандарға алғыс білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan) 25 Окт 2018 в 8:26 PDT
Айта кетейік, Ерке Есмахан "Кафе "Махаббат" атты фильм түсірді. Фильмде өзінен басқа Әбунасыр Серіков пен Шәріп Серік түскен.
Показать комментарии
Читайте также