Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды

А?т?бе облысыны? б?рын?ы бас имамы Бауыржан Есмахан ?аза?стан М?сылмандар Діни бас?армасыны? наиб имамы ?ызметіне та?айындалды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының бұрынғы бас имамы Бауыржан Есмахан Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының наиб имамы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Жиналыста ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Ал оның орынбасары қызметіне ақтөбелік Бауыржан Есмахан тағайындалды.

Реклама
Реклама

Әнші Ерке Есмаханның туған ағасы Бауыржан Есмахан 1975 жылы дүниеге келген. Діни білімді Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алған. 2008 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі болған. Ақтөбедегі үлкен мешіт - "Нұр Ғасырда" бас имам болып қызмет атқарған.

2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық дін істері басқармасын басқарып отырған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама