"Еркексің бе?!". Айдана Меденова әлеуметтік желіде көмек сұрады

"Еркексің бе?!". Айдана Меденова әлеуметтік желіде көмек сұрады

"КешYou" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова Instagram-парақшасындағы фолловерлерінен Алматыдағы сән салонын қиратып кеткен бұзақыларды іздеуге көмектесуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, оның парашасына екі миллион адам жазылған. 

"Видеодағы мына бұзақыларды танитындар бар шығар. 2 желтоқсанда 23.20-да белгісіз үш адам "Айдана Меденованың" сән салонының кіреберісіне кіріп, плиталарды сындырып кеткен", - деп жазды 25 жастағы әнші. 

Жарнама
Жарнама

Айтуынша, полиция қызметкерлері "заттай айғақтар бола тұра, әрекетсіздік танытып отыр". "Хабар-ошарсыз отыр", - дейді ол.

"Осыны істеген адам, видеодан өзіңді танысаң, салонға кел де, бүлдірігіңді жөндеп кет. Еркексің бе? Бұл сенің затың емес, сен оны салған жоқсың. Болмашы нәрсе шығар, бірақ уақыт пен ақшаң кетеді ғой", - дейді автор.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама