Forbes ең табысты әншілердің тізімін жариялады

© Tengrinews.kz

Forbes м?ліметінше, америкалы? ?нші Тейлор Свифт ?лемдегі е? табысты ?ншілерді? рейтингінде к?ш бастап, 2016 жылы 170 миллион доллар табыс тап?ан, - деп жазады РИА Новости.

Forbes мәліметінше, америкалық әнші Тейлор Свифт әлемдегі ең табысты әншілердің рейтингінде көш бастап, 2016 жылы 170 миллион доллар табыс тапқан, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, әнші "1989" атты концерттік турын өткізген кезде осындай табысқа жеткен.

Ал рейтингтің 2-орнына ұлыбританиялық әнші Адель тұрақтады. Оның жылдық табысы 80,5 миллион долларды құраған. Сондай-ақ, алғашқы үштікте 2016 жылы 76,5 миллион доллар тапқан әнші Мадонна да бар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, рейтингтің алғашқы ондығында Рианна (75 миллион), Бейонсе (54 миллион), Кэти Перри (41 миллион), Дженнифер Лопес (39,5 миллион), Бритни Спирс (30,5 миллион), Шанайя Твейн (27,5 миллион) және Селин Дион (27 миллион) бар.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама