"Ғаламшардың ең тартымды әйелі" ана атанады

Кейт Аптон. Фото: Danny Moloshok / Reuters

2018 жылы Maxim журналыны? н?с?асы бойынша е? тартымды ?йел атан?ан америкалы? супермодель Кейт Аптон ана атанады. Ол ?зіні? ж?кті екені туралы Instagram желісіндегі пара?шасында хабарлады. 

2018 жылы Maxim журналының нұсқасы бойынша ең тартымды әйел атанған америкалық супермодель Кейт Аптон ана атанады. Ол өзінің жүкті екені туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

26 жастағы сән әлемінің падишасы сурет жариялады, ол онда қонақүйдің балконында теңізге қарап тұр. Сондай-ақ ол "Майамидегі жүкті" деп хештег қалдырып, күйеуі бейсболшы Джастин Верландерді белгілеген.

Реклама
Реклама

Кейт Аптон негізі plus-size модель болып бастаған, кейін арықтаған. 2014 жылы ол People журналының нұсқасы бойынша ең тартымды әйел атанған еді. Аптон Victoria's Secret киімдерінің, ішкиімдерін жарнамалады. Сонымен қатар, ол бірнеше фильмге де түсіп үлгерді - "Как украсть небоскреб", "Другая женщина" және "Горе-творец". Верландерге ол 2017 жылы тұрмысқа шықты, оған дейін олар үш жыл кездесіп жүрген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама