Гүлзира Айдарбекова өсек айтқандарға шүйлікті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Гүлзира Айдарбекова өсек айтқандарға шүйлікті Фото: @gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында өсек айтпай, жақсы тілек тілеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында өсек айтпай, жақсы тілек тілеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып жатыр. Ол демалыстағы суреттерін жариялап, балалары кішкентай кезде ғана үшеуімен бірге демалғанын, өскесін бәрі бірге шықпағанын айтты. Сондай-ақ, осы жазбасында өсек айтқандарға шүйлікті.

"Сүрінгенмен жығылғанды сөз етпе,
Сен де тұрсың,
Мен де тұрмын кезекте.
Бір жапырақ жерге түссе де Алланың қалауымен. Өсек айтпай, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып отырайықшы. Бүгінгі алғашқы көктем бәріңізге құтты болсын! Шуақты күндеріңіз көп болсын! Мен сіздерді жақсы көремін!" - деді ол желідегі жазбасында.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың арасында не болғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама