20 қаңтар 2020 | 09:48

Instagram "королі" 40 секундта миллион доллар ұтылды

Instagram "королі" деп танылған блогер Дэн Билзерян (Dan Bilzerian) Дональд Серроне мен ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегінде америкалық файтер жеңіске жетеді деп миллион доллар бәс тіккен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Instagram "королі" деп танылған блогер Дэн Билзерян (Dan Bilzerian) Дональд Серроне мен ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегінде америкалық файтер жеңіске жетеді деп миллион доллар бәс тіккен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол ұтыс тіккені жайлы Instagram желісіндегі "сторизде" жариялады. Осылайша ол 40 секундта бір миллион долларынан айырылды.

Реклама
Реклама

Dan Bilzerian put over $1,000,000 on Donald Cerrone to beat Conor McGregor last night at #UFC246

He lost it all in less than 40 seconds pic.twitter.com/bgzIEmQtG0

— ODDSbible (@ODDSbible) January 19, 2020

 

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасқан. Ирландиялық файтер қарсыласын 40 секундта жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Серроне ауруханаға түскен еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Puttin some pocket change on @cowboycerrone who y’all got?

Публикация от Dan Bilzerian (@danbilzerian) 18 Янв 2020 в 4:24 PST

 Айта кетейік, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңілді. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген, ал қыркүйекте Джастин Гэтжи "ковбойды" нокаутқа түсірді. Америкалық файтер UFC промоушенінде 34 жекпе-жек өткізген, оның 23-інде жеңіске жеткен. 

Турнир аяқталған соң UFC басшысы Дана Уайт МакГрегордың келесі қарсыласы 19 сәуірде Нью-Йоркте жоспарланған жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болатынын айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная