Иосиф Кобзонның неден қайтыс болғаны айтылды

© РИА Новости

Иосиф Кобзонның өліміне обырдың асқынуы себеп болған. Бұл жайлы әнші емделген Н.Н.Блохин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының бұрынғы директоры Михаил Дабыдов айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Әншіде өрши бастаған онкологиялық ауру болды. Бұл аурудың төртінші деңгейі еді. Бұл жағдай әрине бәріміз үшін орасан зор қайғы", - деді Давыдов.

Дәрігердің айтуы бойынша, Кобзон Германияда ота жасатқан, ал емін Ресейде жалғастырды. Көп жылдар бойы әртіс химиотерапиядан өтіп жүрді. "Ем әсер етті, алғашында ауру бәсеңдеп, Кобзон гастрольдік сапарын жалғастырды", - деп қосты дәрігер.

Реклама
Реклама

Әншінің денсауылығындағы проблемалар жайында 2005 жылы, онкологиялық ауруды анықтаған кезде белгілі болды. Бұдан кейін ол бірнеше отаны өткеріп, химиотерапия курсын алды. 20 шілдеде Кобзон ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

КСРО халық әртісі 30 тамызда 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әртісті 2 қыркүйекте Мәскеу қаласындағы Востряковск зиратына жерлейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама