28 мамыр 2022 09:34

"Жігіттер, ұят нәрсе мынау". Танымал актриса "ИК" тобы мен Shiza-ны сынап тастады

Tengrinews.kz коллажы

Танымал актриса Дариға Бадықова сахнада ұятқа қалған "Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Szhiza - Асхат Жолшиевті сынап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал актриса Дариға Бадықова сахнада ұятқа қалған "Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Szhiza - Асхат Жолшиевті сынап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Концертте болған оқиға туралы ойын актриса Instagram-парақшасында айтты. 

"Мен мына видеоны көріп, таңғалдым. Мынау жеткен жеріміз бе, қалай? Сахнада ішу, дұрыс па? Әлде көрерменнің деңгейі сондай ма? (...) Оны хит қылатын көрермен ғой. 

Кей адамдар мен сыйлауымнан кетіп қалды. Мен кей адамдарды сыйлайтынмын. Бүгін осы "Ирина" үшін біраз адамдармен әңгіме болды. Ол адамдар менің тізімімнен жойылып кетті, болды. Бріміз пендеміз, қателесеміз, жаңылысамыз, арасында болады, иә. Бірақ сахнада емес. Сахнаның киесі болуы керек. Концертке келген қаншама дүйім жұрт бар. Жігіттер, ұят нәрсе мынау", - деді актриса. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып кеткен. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырып жіберген.  

Артынша Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы концерт туралы айтты. Қарин мұндай ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушылар да жауапкершілікті сезінуі керегін атап өтті. 

"Олар концерт ұйымдастырған кезде ішімдік ішілуіне жол бермеуге, басқа да оқыс оқиғалардың алдын алуға тиіс. Біз мемлекеттілігіміздің, Тәуелсіздігіміздің символы саналатын Мемлекеттік туға зор құрметпен қарауымыз қажет. Оны аяқасты етуге жол бермеуіміз керек. Туымызды немесе басқа да рәміздерімізді қорлаған әрекеттер құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады. Себебі, заң баршаға ортақ. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік туды құрметтеп, қастер тұтуы қажет деп санаймын", - деді Ерлан Қарин.

Кейіннен "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концерттегі әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын", - деді Азамат Маркленов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360685/thumb_m/photo_123013.jpeg"
    "title" => "Астана күнінде қандай шаралар өтетіні белгілі болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-kunnde-kanday-sharalar-otetn-belgl-boldyi-360685/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_354021/thumb_m/photo_115913.jpeg"
    "title" => "Облыстық симфония оркестрінің алғашқы концерті өтті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/oblyistyik-simfoniya-orkestrnn-algashkyi-kontsert-ott-354021/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_353513/thumb_m/photo_115390.jpeg"
    "title" => "Алматыда Конституция күнінде қайда баруға болады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-konstitutsiya-kunnde-kayda-baruga-boladyi-353513/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_351982/thumb_m/photo_113825.jpeg"
    "title" => "Семейде "Би-2" тобының концерті өтетін болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/semeyde-bi-2-tobyinyin-kontsert-otetn-boldyi-351982/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357212/thumb_m/photo_119247.jpeg"
    "title" => ""Енді қайталамаймын". Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/end-kaytalamaymyin-tanyimal-aktrisa-aleumettk-jeldeg-357212/amp/"
  ]
]