Қайрат Нұртас Меккеде жүздеген адамға ауызашар берді

Фото: instagram.com/kairn_one Фото: instagram.com/kairn_one

Әнші Қайрат Нұртас Меккеде ауызашар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Қайрат Нұртас Меккеде ауызашар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Төреғали Төреәлі Instagram Stories-те айтты. 

"Қайрекең Меккеде қазақтарға ауызашар беріп жатыр. Апаларымыз ортамызда жарқырап отыр. Ниеттеріңіз қабыл болсын", - деді Төреғали Төреәлі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Төреғали Instagram-парақшасында Қайрат Нұртаспен Меккеде түскен суретін жариялаған. 

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың Меккеде ауызашар беруіне қатысты жақсы пікірлер жазып жатыр. Сонымен қатар, Желідегі ақпарат бойынша, әнші 150 адамға ауызашар берген. 

"Қайрат, ниетің қабыл болсын", "Ораза қабыл болсын", "Бізге де Меккеге баруды нәсіп етсін", "Маған да осылай ауызашар беруді нәсіп етсін", - дейді Қазнеттегілер. 

Айта кетейік, Рамазан айы биыл 2 сәуірде басталған болатын. Ораза 1 мамырға дейін жалғасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная