ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2017 | 16:59
Қайрат Нұртастың әйелі өнер мен отбасының ортасында таңдау жасады
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өнер мен өмірдің қайсысын таңдауы керектігі жайлы Instagram желісіндегі оқырмандарымен ақылдасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өнер мен өмірдің қайсысын таңдауы керектігі жайлы Instagram желісіндегі оқырмандарымен ақылдасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарияланған үш суреттің соңғысында әнші мен әйелі сүйісіп тұрғанын көруге болады. "Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әр-бір рөлде өзімді елестетіп, отырсам... Қожайыным: "Томирис xаным! Менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің Супер келіні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды басты рөлде ойнап жүре берші!"- деееп, сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады", - деп жазды ол суреттерді жариялай отырып.
Ал кеше ғана Жұлдыз Әбдукәрімова "Арман/Когда ангелы спят" фильмінен кейін тағы бір фильмге түсуге ниеті бар екенін мәлімдеген еді.
Қайрат Нұртас пен әйелі. © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Оқырмандардың басым бөлігі "Арман/Когда ангелы спят" фильмін көріп, сезімге бөленгенін әрі қатты әсер еткенін жазған. Сондықтан оған жар ғана болып қана қоймай, дарынын ашуға кеңес берді.
Ал кейбірі әйел адамның басты құндылығы отбасы болуы керектігін айтып, өз ойларын ортаға тастады. "Күйеуіңді де тыңдағаның дұрыс оныңда бір ойлағаны бар шығар осындай ашық түстісін тақшы басыңа жақсы жарасады", "Курметті Жұлдыз ханым, əйел адам қашанда үйдің берекесі ғой. 4 балапанынызды тəрбиелеп, ақылды ана, аяулы келін, адал əйел боп отырсаныз, кандай керемет... Қайратқа қосыламын... Екеуіңізді аллам тіл көзден сақтасын.." деп ақылын аямай жатыр.
Қайрат Нұртас пен әйелі. © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Алайда оқырмандардың кейбірі бұл жазбада айтылған ойға емес, әнші екеуінің сүйісіп тұрғанына сын айта жөнелді. "Сіздің керемет жан екеніңізді танып біліп жатырмыз. Бырақ енді мұндай сурет салмаңыз. Мұсылманға жат қылық", "Саган айтарым мына суретыты салганын уйят кой.енен атан кайныларын кормейме.Артык кылам деп тыртык кылудан сактасын".
Айта кетейік, көпшілік алдында шыққанына бір ай өтпестен, әншінің әйелі Instagram желісінде өте танымал болды. Қазіргі таңда оның парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған.
Показать комментарии
Читайте также