01 маусым 2022 08:53

Қазақстандық блогер бәстесемін деп 90 миллион теңгелік көлігінен айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Автор суреті

Отандық блогерлер Нұрдәулет Бектұрсын мен Jasik JJJ көлікке бәс тіккен. Нұрдәулет Бектұрсынның көлігі 90 миллион теңгеге, ал қарсыласының темір тұлпары 60 миллион теңгеге бағаланған. Алайда баға бәске кедергі болмаған тәрізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәс тігу үш кезеңнен тұрған. Алдымен екі блогер 400 метр қашықтыққа жарысып, мықтыны анықтаған. Ол - Нұрдәулет Бектұрсын.

Бірақ екінші кезең екі қатысушыға да қиынға түскен. Олар Алматыдан Таразға баруы керек болған. Осылайша,  2,5 сағатқа жуық уақытта мәреге келген Jasik JJJ лақап атымен танымал блогер жеңген.

Реклама
Реклама

Бәс жарыстың ақтық кезеңінде блогерлер таңдаған екі адам, рингте күш сынасқан. Нәтижесінде 2:0 есебімен елордалық блогер Jasik JJJ бәсті жеңген. Ол бәс тігу шарты бойынша Бектұрсынға тиесілі құны 90 миллион теңге болатын Mercedes көлігінің жаңа иесі атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram