Қазақстандық эстрададағы ең қымбат бейнебаяндар анықталды

Қазақстандық эстрададағы ең қымбат бейнебаяндар анықталды © YouTube кадры

Қазақстандық эстрададағы ең қымбат бейнебаяндар анықталды. Бұл туралы "31 арнаның" "Жұлдыздар жарқырайды" айдары хабарлады.

Сонымен, телеарна тілшілерінің мәліметінше, шоу-бизнес өкілдерінің арасында ең қымбат бейнебаянды продюсер Болманов түсірген. Ол өзінің "Ұлытау" жобасының "Жұмыр қылыш" туындысына 100 мың доллар көлемінде қаражат жұмсапты.

Реклама
Реклама

Тізімде екінші орынды белгілі продюсер Баян Есентаева продюсерлік ететін "КешYou" тобы алып отыр. Топтың "Қазақ қыздары", "Келші жаныма" атты әндеріне түсірген бейнебаяндары 30 мың доллар қаражатқа түсіріліпті. 

Ал әнші Қайрат Нұртастың бейнебаяндарының арасындағы ең қымбаты ана туралы бейнебаяны екен. Құны - 15 мың доллар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама