"Құлаған мен емес". Серік Ибрагимов Желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Камила Долаева Журналист

Әнші Серік Ибрагимов Instagram-дағы парақшасында концерт кезінде сахнадан құлаған адамның видеосын жариялады. БАҚ-тарда оны Серіктің өзі деп жазып жатыр. Алайда әнші Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ақпаратты жоққа шығарды. 

Кадрларға қарасаң расында Серік Ибрагимов деп қаласың, видео сапасы нашар болған соң, түр-әлпеті аса көрінбейді.

"Маған ұқсайтын біреу-ау" дейді әнші. 

Реклама
Реклама

"Құлаған мен емес. Видеоға менің жаңа әнімді қойып жіберіпті. Бұл ән әлі толық жүктелмеген. "Айбаю" деген атпен қазір Instagram, Tik Tok-та жақсы тарап жатыр. 30 секунды ғана бар. Қалғаны клиппен бірге шығады", - дейді ол. 

Серік Ибрагимов әнді Еділжан Ғаббасов жазғанын айтты. Ал бейнебаян 8 наурыздан кейін жарық көреді екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама