Күзетшілер Джастин Биберді Калифорниядағы фестивальден қуып жіберді

Күзетшілер Джастин Биберді Калифорниядағы фестивальден қуып жіберді Джастин Бибер ©Chris Pizzello / Invision / AP

Күзетшілер Канада орындаушысы Джастин Биберді Coachella калифорниялық музыка фестивалінен күштеп қуып жіберді, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы TMZ ресурсына сілтеме жасап.

21 жастағы әнші рэпер Дрейк өнер көрсетіп жатқан залға кірмек болған. Күзетшілер вип-ложада орын болмағаннан кейін Биберді кіргізбей қояды. Әртіс бұл концертке рэпердің өзі шақырғанын айтып, орын тауып беруін талап етеді. Фестиваль қызметкері әншіге орын тауып бергісі келеді, бірақ күзетшілер оны ішке кіргізбей, күштеп шығарып тастайды. 

Әртіс күш көрсеткені үшін күзетшілердің үстінен арыз жазып жатыр. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, дәл осы кеште атақты орындаушы Мадоннаның сахнада тұрып, рэпер Дрейктің ернін тістеп алғаны хабарланған болатын. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама