ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2017 | 17:12
Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қолдаудың ерекше әдісін тапты
Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримов Tengrinews.kz тілшісіне қытай жанкүйерлерінің белсенділігі жайлы айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримов Tengrinews.kz тілшісіне қытай жанкүйерлерінің белсенділігі жайлы айтып берді.
Айтуынша, қытайлық жанкүйерлер мен тыңдармандар I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әншіге кең қолдау көрсетіп жатыр. "Мұндай ерекше қолдау өнер адамына баға жетпес шабыт тілейді", - деген Шаримов Қытайдағы ауқатты жанкүйерлердің үй сыртына Димашқа қолдау көрсету үшін жарық шамдармен көмкеріп, атын жазып қойғаны түсірілген суретті жолдады.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қытайлық IT-мамандар Димаштың смартфондарға арналған бағдарламасын ойлап тапқан.
"Әрине, кез келген өнер адамы үшін осындай сыйлықтар ерекше көңіл-күй сыйлайды. Димаш өзінің жанкүйерлерін шынымен де жақсы көреді", - дейді әншінің PR-директоры.
Сондай-ақ, Димаштың суреті бар, қазақ тіліндегі "Мен сені сүйемін" деген сыйлық салғыш қаптар да кеңінен таралып жатыр екен.
Ал бұл жанкүйерлердің Димаштың құрметіне арнайы жасаған печеньесі екен.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың бесінші кезеңі әдеттегідей сенбіде Hunan TV арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Әнші Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындайды. Осыған дейін әнші Іnstagram желісіндегі парақшасында "Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді.
Осыған орай, әншінің өкілі дайындықта түсірілген суреттерді жолдап отыр.
© Алпамыс Шаримов
Показать комментарии
Читайте также