Лас-Вегастағы шоуда Бритни Спирстің шашы түсіп қалды

Бритни Спирс пен Стивен Тайлер. ©Instagram/Britneyspears

Лас-Вегастағы Planet Hollywood клубында өнер көрсетіп жатқан Бритни Спирс ұятты жағдайға қалды, оның жасанды шашы түсіп қалды, - деп хабарлайды US Weekly

33 жастағы Бритни Спирс Do Something әнін орындап жатады, бір уақытта билеп жатқан оның аққұба шашы еденге түседі. Әнші шашының түсіп қалғанын байқамай қалды. Ал көрермендер бұл сәтті видеоға түсіріп алып, Интернетке жүктеді. 

Реклама
Реклама

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, Бритни Спирс сахнада мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2013 жылдың соңында концерттерінің бірінде ол Circus әнін орындап жатып, костюмін шешіп ала жаздады. Киімнің ілмегі ашылуға шақ қалған. Бірақ артында билеп жатқандардың бірі дереу назар аударып, оның киімін қалпына келтірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама