25 мамыр 2022 | 16:19

Латвияда жаңа гүл сортына Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Латвияда жаңа гүл сортына Dimash Qudaibergen атауы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Латвияда жаңа гүл сортына Dimash Qudaibergen атауы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Сорттың авторы - Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

"50 мың адам баратын латвиялық Babite Рододендрондар паркінде Димаштың фан-клубының бастамасымен "Қазақстан бұрышы" ашылған.

Онда әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар Miuaniz жапырақты сорттары және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын сары гүлдері бар Qazaqstan негізгі мәңгі жасыл сорттары да бар", - делінген телеарна жазбасында.

Реклама
Реклама

Димаштың туған күніне орай алынған эксклюзив көшеттердің үшеуі саябақта қалады, біреуі Димашқа сыйға тартылады, соңғысы Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная