"Меломен" тобы жаңа продюсермен жұмыс істейді

"Меломен" тобы

Композитор, көптеген хит әндердің авторы  Бауыржан Есебаев "Меломен" тобының продюсері болды - деп хабарлайды Baistars.kz.

Продюсерлікті қолға алған Бауыржан Есебаев ұсыныстың әнші жігіттерден түскенін айтты. "Негізі 2007 жылы "Меломен" тобын сахнаға алып шыққан мен болатынмын. Бірге біраз жұмыс істедік. Кейін қаржылық қиындықтарға байланысты екі жаққа кеттік. Бірақ арамыз ажыраған жоқ, араласып тұрдық. Негізі продюсердің жұмысы бір басқа, ән  жазу бір басқа. Мен көп әншілерге музыкалық жағынан көмектестім. Алайда ешкімге продюсер болмадым. Олар 2 жыл бұрын басқа продюсермен жұмыстарын тоқтатқан екен. Жақында жаңа әндер жаздық. Кейін жігіттер "бірге жұмыс жасайық, продюсеріміз болыңыз" деп ұсыныс тастады. Қазір бәріміз бірге жұмыс істеп жатырмыз"- деді Есебаев.

Айта кетейік, "Меломен" тобы 2007 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері әнші жігіттер елдің сүйікті топтарының біріне айналды. "О махаббат", "Арман шағала", "Келеді кездескім" сияқты әндері хит шерулерде алғашқы орындарды иеленді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама