17 шілде 2020 09:49

"Мен, әрине, Ерке Есмахан емеспін". Танымал әзілқой қазақша ән шығарды

Азамат Мусагалиев

Ресейлік танымал КВН-ші Азамат Мұсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тілінде ән жариялады. Желі пайдаланушылары әзілқойдың музыкалық шығармасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік танымал КВН-ші Азамат Мұсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тілінде ән жариялады. Желі пайдаланушылары әзілқойдың музыкалық шығармасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл, әрине, "Дос-Мұқасан" емес, әрине, Ерке Есмахан да емес. Бұл - мен, Азамат", - деп жазды әртіс жазбаның астында. 

Реклама
Реклама

Әнді жайлаудағы жылқылар түсірілген видео сүйемелдеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#ЭтояАзамат

Публикация от Азамат Мусагалиев (@azabraza1984) 16 Июл 2020 в 1:02 PDT

Оның оқырмандары жақсы пікір қалдырып, шығармашылығы үшін алғыс айтты. 

"Бізге қазір дәл осы ән керек еді", - деп жазды zhanarmukasheva1969.

"Сен жан-жақты талантсың. Біз сені жақсы көреміз. Қазақша көбірек ән айт", - деп қолдады baka_kurmasheva.

"Мен өз тіліне және тарихи Отанына деген махаббатын сезіндім. Бұл - өте әдемі. Адам өз орнын біліп, өзін бағаласа, демек ол жай адам емес", - деп жазды moldabekovafarida.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram