Меруерт Өтекешова мен Бақыт Сыздықова қорылға қарсы дәріні "жарнамалады"

"31 арна" кадрынан

Белгілі актриса Меруерт Өтекешова мен Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова қорылға қарсы дәріні "жарнамалады", - деп хабарлайды "31 арна" тілшілері.

Бұл жаңалықты естіген әртіс қатты таңғалды. Қыз Жібектің рөлін сомдаған актриса мен Қазақстандағы Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту орталығының ұйымдастырушысы дәріге ешқандай қатысы жоқ екендерін мәлімдеді. Сонымен қатар, Сыздықова жарнамаға қатысты таңғалмайтынын жеткізді. "Мен бұған байсалды қараймын, себебі соңғы бірнеше жылда менде осындай жағдайлар болып тұрады. Мен жасыл кофені, арықтауға арналған шәйді, теріні жасартуға арналған кремді жарнамалап келемін, міне, енді қорылға қарсы дәрі менің "жарнамалық мансабымның" шыңы болды", - деп қалжыңдады ол.

Бұған дейін Баян Есентаева мен Роза Рымбаева осыған ұқсас жағдайға тап болған еді. Интернетте олардың суреті арықтауға арналған кофенің жарнамасына қолданылған болатын.

Реклама
Реклама

Заңгерлердің айтуынша, жәбірленушілердің сотқа арыздануына болады. Бірақ оларға өтемақы төлету қиынға түседі. Құқық қорғаушылар қазақстандықтарды осыған ұқсас жарнамаларға сенбеуге шақырып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама