25 қаңтар 2017 | 18:45

Меруерт Түсіпбаева енді дизайнер Жадоның өзін сотқа беріп, 20 миллион теңге өндіріп алмақшы

Меруерт Түсіпбаева мен оның адвокаты. © Tengrinews.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның ісі бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы сәл кеш басталды. Хатшының айтуынша, барлық судья жиналыста болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның ісі бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы сәл кеш басталды. Хатшының айтуынша, барлық судья жиналыста болған.

Еске сала кетейік, Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы жанжал 2016 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Дизайнер әншінің Instagram желісіндегі парақшасында жазғанына ренжіп, сотқа арыз түсірген еді. Ол Меруерт Түсіпбаеваны жала жапты және арын қорлайтын сөздер айтты деп айыптап, 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен болатын. 

Реклама
Реклама

Бұл жолы сот процесіне Меруерт Түсіпбаева келді. Бірақ Жадо мен оның адвокаты сот отырысы болатыны жайлы естісе де, сот залына келмеді.


Бостандық ауданының №2 сотының судьясы Теміржан Құдабаев. © Tengrinews.kz

Сот процесі аяқталған соң Меруерт Түсіпбаева осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жақында ғана Жадыра Сахиева "Меруерт Түсіпбаева менің аяғыма жығылатын болса да, оны кешірмеймін" деп сұхбат берген болатын. Меніңше, біріншіден, бұл әдепсіздікке жатады. Мен оның аяғына барып жығылмаймын. Менің де ар-намысым бар, ұл өсіріп отырмын. Ұлым менің біреудің аяғына жығылғанымды көрсе не болады? Біз адвокатымызбен оның бұл сөзінде құйтырқылық бар екенін сезіп отырмыз. Біз де арыз жаздық. Себебі, Жадо менің туыстарымды, анамды "мені үш жылға түрмеге қамаймын деп, аяғыма жығылса да, кешірмеймін" деп, бүкіл ел алдында қорқытып жатыр. Бізде адамдар заңдар жайлы аса біле бермейді. Олар қатты қорқып, алаңдап жатыр. Екі күн сайын анама жедел жәрдем шақырамыз. Егде жастағы әйел. Жақында гипертониялық асқыну болды. Себебі, теледидардан үнемі менің түрмеге қамалуым мүмкін екені және Жадоның менен 20 миллион теңге өндіріп алмақшы екендігі жайлы айтып, көрсетіп жатады. Меніңще, айтқан сөздерге абай болу керек", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Ал әншінің адвокаты Қолғанат Қабанбаева Жадоның үстінен қандай мәндегі арызды жазғандарын түсіндіріп берді.

"Біз арызда оның Меруерт Түсіпбаеваның беделі мен іскерлік абыройын нұқсан келтіргенін көрсеттік. Ол Меруертті балағаттады. Телеарнада сөз сөйледі. Ол осында, яғни, сот отырысына келгенде Меруерт Түсіпбаеваның өзі жоқ болғандықтан, осындай мәндегі сұхбат берді. "Меруерт оның аяғына жығылып, кешірім сұраса да, ол оны кешірмейді" деген мағынада сұхбат беріпті. Біздің ойымызша, Жадо осы сөзімен де балағаттауды қоймады. Содан біз мынадай қорытындыға келіп отырмыз, яғни, судьялар Жадоның арызын қолдауы мүмкін. Енді біз де Жадо сияқты одан 20 миллион теңге талап етеміз", - деді адвокат Қабанбаева.

Сондай-ақ, адвокат Меруерт Түсіпбаева Жадоны балағаттаған жоқ деп есептейтінін және неге бұлай ойлайтынын айтты.

"Мен мұнда Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі жоқ деп ойлаймын. Жадоның арызын негізсіз деп санаймын. Біріншіден, ол өзі телеарнадағы бағдарламалардың бірінде Меруерт Түсіпбаеваға бірінші болып, тіл тигізе бастады. Ол "Меруерттің талғамы жоқ, киім киюді білмейді" деп Түсіпбаеваның имиджіне нұқсан келтірді. Мұндай пікірлерді тек лицензиясы мен дипломы бар сарапшылар айта алады. Сән сарапшысының өзі де мұндай сөздерді абайлап, мәдениетті түрде адамның ар-намысына тимей, дұрыс айтып жеткізеді. Бұл жағдайда, меніңше, Жадо Меруертті осылай сынға алмауы керек еді. Ал Меруерт Жадоның бұл сынына қазақтың мақалымен жауап берді. Меруерт мақалды өзі құрастырып алған жоқ: "Ит жоқта шошқа үреді" ("Когда нет собаки, лает свинья"). Қазақтар бұл мақалды ауызекі стильде қолдана береді. Ол балағат сөз болып саналмайды. Себебі, ол - қазақ халқының ауызекі фольклордық туындысы", - деп түсіндірді Қабанбаева.

Айта кетейік, Меруер Түсіпбаева үш сот отырысына да келмеген. 10 қаңтарда өткен сот процесіне әншінің адвокаты ғана келген. Оның айтуынша, Түсіпбаева ол кезде Ресейге ем алуға кеткен. 

Егер Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі дәлелденсе, ол 3000 АЕК көлемінде (6 миллион теңгеден көп) айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады немесе шектеледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная