Минск қаласында біреулер MBAND тобының әншісіне картоп лақтырды

Минскідегі концерттердің бірінде MBAND тобының әншісі Владислав Раммның қабағы картоппен жарылды, - деп хабарлайды Комсомольская правда.

Оқиға өнер көрсетіп тұрған кезде болған. Басылымның мәліметінше, музыканттарға әдеттегідей жұмсақ ойыншықтар мен өзге де заттарды лақтыруға тыйым салынды. Себебі біреулер картопты әншілер өнер көрсетіп тұрған кезде лақтырып, ол Раммның қабағына тиді.

Реклама
Реклама

Бойз-бэндтің концерті өтіп жатқан жерде тыңдарман қыздар темір қоршауды құлатып тастай жаздады. Ақыры қоршаулар алынғаннан кейін олар ішке қарай ағылды. Сөйтіп, қыздардың бірі шарфын, бірі сырғасын, енді бірі сөмкесін жоғалтып жатты. Концерт би кешін еске салды. Тыңдармандар билеп, секіріп, айғайлап, барлығын телефон мен планшеттердің камерасына түсірді.

Айта кетейік, музыканттар өздерінің өнер көрсеткен сәтін видеоға түсіріп, Интернетке жариялады. Сонымен қатар, Гроднода да жоспарланған концерт өтті, бірақ ол тосынсыйсыз аяқталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама