Моника Беллуччидің бұрынғы күйеуі Венсан Кассель үйленді

Камила Долаева Журналист
Моника Беллуччидің бұрынғы күйеуі Венсан Кассель үйленді Tengrinews.kz фотоколлажы. ©REUTERS,

51 жастағы актер, Моника Беллуччидің бұрынғы күйеуі Венсан Кассель 21 жастағы модель Тина Кунакиға үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Неке қию рәсімі 24 тамызда Франция қаласы Бидартта өткен.

Актер бірнеше сағат бұрын Instagram желісіндегі парақшасына жас сүйіктісімен түскен суретін салды, ал суреттің сипаттамасына неке сақинасы мен мерзімін көрсетіп қойған. 

Жарнама
Жарнама

 

Венсан мен Тина 2015 жылы кездесе бастаған. Ол кезде қыз 19 жаста болған. Жұп папарацциядан қарым-қатынасы мен тұрмыс құрғысы келетіндерін жасырмаған. 

Айта кетейік, француз актері Венсан Кассель бірінші әйелі танымал актриса Моника Беллуччимен 2013 жылы ажырасқан болатын.



© РИА Новости

Жұлдыздар жұп Кассель мен Беллуччиді танымалдылар арасындағы ең әдемі жұптардың бірі атаған. 




© РИА Новости

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама