27 мамыр 2022 | 16:40

"Мойындаймын". ИК тобының әншісі сахнадағы қылығы үшін кешірім сұрады

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концерттегі әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концерттегі әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын", - деді Азамат Маркленов. 

Сонымен қатар, топ мүшесі Shiza - Асхат Жолшиев үшін де кешірім сұрады. 

Реклама
Реклама

"Shiza туды біреуге бергісі келгені, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істеген еді. Ішімдіктің кесірінен деп ойлаймын, мойындаймын оны. Кешіріңіздер", - дейді Азамат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная