30 мамыр 2022 11:52

"Мына қасиетсіз уқалап, қол орамал қылды-ау". Танымал қазақстандықтар Алматыдағы концерт туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Instagram-парақшаларынан алынған суреттер

"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиевтің әрекеті қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Танымал өнер адамдары түрлі пікір айтып, Желіде оларды жарыса сынап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиевтің әрекеті қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Танымал өнер адамдары түрлі пікір айтып, Желіде оларды жарыса сынап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып кеткен еді. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның Туын адамдарға лақтырып жіберген болатын. 

Реклама
Реклама

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Желідегі парақшасында (@meruert_tusupbaeva) топтың әрекетіне ашынып, жазба жариялады.

"Киелі Көк туымызды мына қасиетсіз уқалап, қол орамал қылды-ау… Аяққа таптап….Геннадий Головкин - ұлты өзге болса да, рингте ұлттық шапан киіп, Көк туымызды желбіретіп, талай көзімізге жас келтіріп, жүрегімізді тебірентіп еді!!! Көк ту - мемлекеттік рәміз!!! Оны қорлауға жол жоқ!! Заң бар. (...) кім өзі? (аспандағы жұлдыз болса да) жауапқа тартылуы керек! Видеомен кешірім сұрағандар кешірілмесін! Заң бойынша жазалансын!", - деді әнші.

Ал Мейрамбек Беспаев бұл әрекеттері үшін оларды қатаң жазалауды талап етті.

"Егемендігіміз бен елдігіміздің белгісі, Тәңірден тілеп алған тәуелсіздігімнің символы, қастерлі де қасиетті Көк ту сенің қадіріңе жете алмай жатырмыз-ау. Тоқ заманда туған жастар сахна төріне шығып, мемлекеттік рәмізімізді қорлап, аузына келгенін оттап, ойран салып жатыр. Осындай есерлік пен ессіздіктің сазайын беретін заң орындалуы тиіс. Мейлі ай бол, жұлдыз бол, кім болсаң ол бол біздің Көк туымызды қорлауға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл бір "кешірім" сұрап құтыла салатын мәселе емес. Қатаң түрде жазасын алып, айыбын өтеуі тиіс", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Албан да сахнада ұятқа қалған әншілерді сынаған болатын. Кейінірек Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған концерттегі оқиғаға қатысты пікір білдірген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram