Николай Басков "Қазақстан аруын" биге шақырды

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева Мәскеуде 17 сәуірде өткен "Ресей аруы-2016" сұлулық байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнер көрсетіп жатқан кезінде ресейлік әнші Николай Басков Қазақстанның ең сұлу қызына жақындап келіп, оны биге шақырды. "Есіміңіз кім? Сіз "Қазақстан аруысыз ба? Мен Қазақстанды сондай қатты жақсы көремін! Сіздерде байлар көп. Мәскеуде не істеп жүрсіз? Барлығы қазір Қазақстанда жүр ғой", - деді эфирде Басков. 

Регина Вандышева сұхбатында ресейлік сұлулық байқауынан қатты әсерленгенін айтты. "Николай өте көңілді әрі ашық адам. After-party өтіп жатқан кезде ол барлығымызға гүл сыйлады, мақтау сөздер айтты. "Ресей аруы" байқауына келгеніме қуаныштымын, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мені София Никитчук шақырды, біз ол екеуміз Қытайдағы "Әлем аруы-2015" байқауына бірге қатысқан едік", - деді Вандышева.

Реклама
Реклама


"Ресей аруы" байқауына қатысушылар мен жеңімпаз және "Қазақстан аруы"


Регина Вандышева мен Ресейдің 2014 жылғы вице-аруы Анастасия Костенко

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама