25 сәуір 2022 13:37

Қорғаныс министрлігі маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі өкілдері маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі өкілдері маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, Гвардейский қалалық типтегі әскери ауруханада әскер қатарына жаңадан шақырылған қатардағы жауынгер Әлібек Қалыбай қайтыс болды. Жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерінің жасаған амалдарына қарамастан, жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкін болмады. Ең бастысы, біз ұлдарын келмеске жоғалтқан туған-туысқандары мен жақындарының, соның ішінде, ата-анасын түсінеміз және қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қатардағы жауынгер Қалбаев қаза болуына себепкер болған мән-жағдайларды қоғам білуі қажет", - деді Қарулы Күштер бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев. 

Борамбаевтың сөзінше, арнайы құрылған жедел тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында болжамды барлық болған жағдай толығымен қарастырылады. Қажет сараптама алынды. 

"Оқиға орнын қарау барысында құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сондай-ақ мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қаза болғанға дейін жарақаттар мен денесінде көгеру белгілері анықталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта да тері қабаттарының өзгерісі сот-медициналық сараптаманы жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты. Сеніңіздер, тергеудің объектив жүргізілуіне, біз де мүдделіміз", - дейді Борамбаев.  

Борамбаев Қорғаныс министрлігі ештеңені жасырып қалмайтынын атап өтті. Сарбаздың ата-анасы мен жақындары оқиғадан кейін дереу әскери бөлімге барып, ұлдары қызмет атқарған бөлімшедегі тұрмыстық жағдаймен танысып, жағдайды өз көздерімен көріп қайтқан. 

"Келесі жағдайларға назар аударғым келеді. Біріншіден, Әлібек Қалбай құрлық әскерлерінің оқу орталығы болып есептелетін әскери бөлімге қызмет атқаруға келген. Ол жердегі сарбаздар әскери мамандықты игеріп, әскери шеберлік бойынша білім алып, алты ай өткеннен кейін Қарулы Күштердің басқа құрылымдарына бөлініп кетеді. Оқу орталығындағы қызмет бір шақырылымдағы сарбаз ұстанымы бойынша құрылған. Яғни біз шақырған сарбаздарды оқытып, әскерге жібермей, басқа сарбаздарды әскерге шақырмайды. Екіншіден, Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздың мәйітін ата-анасының тұрғылықты жері - Маңғыстау облысына командирлер жеткізсін деген шешім қабылдады. Олар: оқу орталығының бастығы, әскери мектептің бастығы, рота және взвод командирлері. Үшіншіден, әскери қызметшінің қаза болуы ісін тергеуді Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдары жүргізіп жатыр. Олар өз қызметтері бойынша тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді", - деді Серік Борамбаев. 

Төртіншіден, бұл жағдайда кінәлі адамдар анықталса, заңға қайшы әрекеттер расталса, онда кінәлі адамдар ғана емес, сонымен қатар, осы жағдайға жол берген командирлер де жауапкершілікке тартылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети