Нұртас Адамбай "Самая вышка" хитінің лицензиясын сатып алатын болды

© Tengrinews.kz

Н?ртас Адамбай "Самая вышка" хитіні? лицензиясын сатып алып, тректі Райым мен Артур?а cыйлайтын болды. Б?л туралы продюсер Instagram желісіндегі пара?шасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұртас Адамбай "Самая вышка" хитінің лицензиясын сатып алып, тректі Райым мен Артурға cыйлайтын болды. Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жасым үлкен болғандықтан Райымбек пен Артурдың "Самая вышка" әніне авторлық құқығын алып беріп, осы мәселені осылайша шешуді жөн көрдім. Кез келген істе жасы үлкенірек адам жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойнына алады ғой. (...) Cондықтан көрермендер мен жігіттердің көңіл-күйін түсірмей, осы тректің лицензиясын толықтай сатып алып, оны Raim &Artur-ға сыйлауды шештім. Бұл лицензия толықтай сатып алынады, яғни ешқандай заң бұзылмайды", - деп жазды продюсер.

Еске сала кетейік, осыған дейін продюсер Нұртас Адамбай Instagram желісіндегі парақшасында оның "Я - жених" фильміне саундтрек болған "Самая вышка" әнінің түпнұсқа емес екенін жазған болатын.

Реклама
Реклама

Ал кейінірек Артур Давлетьяров  сұхбатында авторлық құқықтың сақталғанын айтқан еді. "Самая вышка" әнінің авторлық құқығы сақталған. Плагиаттан өттік. Мәтін және мотивті - өзіміз жазып шығардық", - деген болатын Артур Давлетьяров.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама