ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2020 | 12:40
Пелагея ажырасудан кейінгі өмірі жайлы айтты
Әнші Пелагея Ресей құрамасының хоккейшісі Иван Телегинмен ажырасуы жайлы айтты. Әнші бұл мәселеге көптің назарын аударғысы келмейтінін жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Пелагея Ресей құрамасының хоккейшісі Иван Телегинмен ажырасуы жайлы айтты. Әнші бұл мәселеге көптің назарын аударғысы келмейтінін жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл өзі пердені жауып, бір бөлмеде қамалып отырғың келетін құбылыс қой. Бірақ мен олай істемеймін. Сондай-ақ, бұл өзгеруге берілетін сәтті уақыт деп білемін. Қолдау білдіріп жатқандарға алғысым шексіз. Елімізде осындай мейірбан, сезімтал адамдардың өмір сүріп жатқаны қуантады", - деді әнші.
Әртістің ажырасқаны туралы былтыр жылдың соңында белгілі болды. Желіде тарап жатқан қауесеттерге байланысты өзі ресми түрде мәлімдеме жасауды шешкен.
Жұлдызды жұп 2016 жылы отау құрды, бір жылдан соң олардың Таисия есімді қыздары дүниеге келді.
Показать комментарии
Читайте также