ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 наурыз 2022 12:24
Продюсер Баян Мақсатқызына күйеуі көлік сыйлады
Продюсер Баян Мақсатқызына күйеуі Тұрсын Алагозов 8 наурызға қымбат көлік сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы продюсердің өзі Instagram желісінде айтты. Видеода Баян Мақсатқызы мен күйеуі автосалонда жүргені көрсетілген.
"Кішкене кешіктім. Ештен кеш жақсы. 8 наурызға - гүл және көлік", - дейді Тұрсын Алагозов.
Қара матамен сыйлық ретінде жасырын тұрған көлікті көрген Баян Мақсатқызы таңданысын жасыра алмаған.
"Енді ол менікі ме? Көп рақмет. Күйеуімнің сыйлығы. Құттықтай берсеңіздер болады", - дейді продюсер.
Айта кетейік, қазақстандық нарықта Cayenne Coupe маркалы көлігі 40 миллион теңгеден басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу