Қазақ қызы Miss Grand Sea Universe-2015 байқауында "IV вице-ару" атанды

Ақерке Ысқақова. © Facebook

Қазақстанның атынан Болгарияда өткен Miss Grand Sea Universe-2015 халықаралық сұлулық байқауына қатысқан 25 жастағы Ақерке Ысқақова "төртінші вице-ару" титулына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол Miss Elegant Sea Universe-2015 ("Кербез ару") аталымын жеңіп алды. Ақерке Ысқақова жүлдеге Болгарияда демалуға арналған бір апталық жолдамаға ие болды.

Реклама
Реклама

Байқау бірнеше басты кезең бойынша өтті: ұлттық киім, өз елің туралы ең үздік видеороликті ұсыну, дарындар сайысы, кешке арналған көйлектер мен бикини көрсетілімі, спорт байқауы және көрермендер көзайымы сыйлығы.

Айта кетейік, 25 жастағы Ақерке Ысқақова Қазақ-Америка университетінің радиотехника және телебайланыс факультетін тәмамдаған. Модель бизнесінде жүргеніне 10 жылдай болыпты. Қыз туған қаласы Алматыда қайырымдылық орталығын ұйымдастыруды армандайды. Байқаудың алдында ол "Бала арманы" атты әлеуметтік жобаны ұйымдастырды, оған аз қамтылған отбасылардан 15 бала шақырылды.

 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама