"Қазақстан Аруы - 2013" атанған Айдай Исаева ұзатылды

Айдай Исаева. ©Instagram.com/aidayissaeva

"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева ұзатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ару Іnstagram парақшасында жазды. 

"Бүгін ресми түрде "келін" қатарына қосылдым", - деді Айдай Исаева. Сонымен қатар, Айдай "қазақтың барлық қызына келін болу бақыты бұйырсын деген" ақ тілегін арнады. Исаеваның ұзатуы тойына киген көйлегін белгілі дарынды қырғыз дизайнері Найль Байкүшіков тігіпті. Айта кетейік, оның қыз жолдасы - Салтанат Бекжігітова - модель, тележүргізуші, "Алматы аруы - 2010", "Қазақстан вице-Мисі - 2010" "Қазнет Аруы - 2013".

Реклама
Реклама

Салтанат Бекжігітова мен Айдай Исаева

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаеваның тұрмысқа шығатыны хабарланған болатын. 25 жастағы арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен. Олардың таныстығына үш жыл болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама