ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 сәуір 2018 11:46
Ресейлік белгілі продюсер Шымбұлақта түсірген видеосына Молданазардың әнін қолданды
Бүкіл әлемге танымал #FollowMeTo фотожобасының негізін салушы, фотограф әрі продюсер Мурад Осман Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол Instagram желісіндегі stories-ке Шымбұлақта түсірілген видеоны салды, ол түсірілімге қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазардың әнін қолданған.
Атақты жоба 2011 жылы пайда болды. Тап сол кезде Барселонаға сапары кезінде #FollowMeTo стиліндегі ең алғашқы сурет түсірілген, сөйтіп, жобаның өз тарихы бастау алды және қазір бүкіл әлемге белгілі жоба миллиондаған адамның саяхатқа деген құлшынысын арттырып келеді. Барлық суреттегі модель - Мурад Османның әйелі Наталья.
Ашық дереккөздерге сенсек, 2017 жылы бұл жұп Forbes USA журналының нұсқасы бойынша, "Саяхат саласындағы ең беделді тұлғалардың" үштігіне кірген.
Фотографтың #FollowMeTo жобасындағы бірнеше жұмысын назарларыңызға ұсынамыз:
© Instagram.com/muradosmann
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу