23 мамыр 2022 11:05

Ресейлік атақты блогер қазақстандықтардан неге кешірім сұрады?

© РИА Новости

Ресейлік танымал блогер Даня Милохин қоғамда дау тудырған сөзінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы ол Instagram-дағы сториінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік танымал блогер Даня Милохин қоғамда дау тудырған сөзінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы ол Instagram-дағы сториінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Қазақстанға келген ресейлік блогер Даня Милохин елдегі музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді. Даня Милохин мен Аня Покров отандық бағдарламалардың бірінде Ninety One тобының "Мен емес" әніне баға береді. "Клип түсіруге ақшасы бардай...", дейді ол. Блогердің бұл пікірі Желіде қызу талқыланды.

@bala.lover думаю, хорошая идея записать фит. продвижение всё таки?? @ninetyone_official #ninetyone #данямилохин #аняпокров ♬ оригинальный звук - Люблю 91?
Реклама
Реклама

Оқиғадан кейін қазақстандықтар Милохинге өз еліне қайтуға кеңес берген. Блогер жағдайдың ушығып кеткенін аңғарып, Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

"Қазақтар, сіздерді жақсы көремін. Сіздерге тіл тигіземін деп ешқашан ойлаған емеспін. Өзім байқамай ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын", - деп жазды ол.

Милохиннің сториінен тағы бір ресейлік блогер Аня Покровты байқауға болады. Екеуі Алматының тауына шығып, Қазақстандағы сапарлары туралы айтады.

"Бұл Қазақстан емес, таза Швейцария ғой. Мен жұмақты көре алдым. Қазақстанға ғашық болып қалдым", - дейді Аня. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram