24 мамыр 2022 15:57

RinGo тобының әншісі қызды болды

Камила Долаева Журналист
Сурет: instagram.com/asselya_zhamakayeva

Жұлдызды жұп Батыр Байназаров пен Әсем Жамақаева қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұлдызды жұп Батыр Байназаров пен Әсем Жамақаева қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалықты Әсем Жамақаева Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, жолдасына алғыс айтты.

"Қазір сіздерді таңғалдырамын, себебі өзіміз де аң-таңбыз. Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Батыр, әрқашан жанымда болғаныңа рақмет. 

Сенсіз қолымнан келмес еді. Менің махаббатым. Менің берік қамалым. Қолдаушым... Менімен 2 сағат тыныс алды", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Әсем Жамақаева қызы 24 мамырда таңғы сағат 08.10-да дүниеге келгенін айтты.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптының екінші перзенті. Олардың Сальма есімді қызы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram