20 қазан 2017 | 10:26

Сәкен Майғазиев қалай шоу-бизнестегі ең қарапайым әнші атанды?

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев шоу-бизнестегі ең қарапайым әнші атанды. Бұл мақтауды ол жеке парақшасына бір жазба қалдырған соң оқырмандарынан алып отыр. Жазбада әнші мақтау естігенде не істейтінін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев шоу-бизнестегі ең қарапайым әнші атанды. Бұл мақтауды ол жеке парақшасына бір жазба қалдырған соң оқырмандарынан алып отыр. Жазбада әнші мақтау естігенде не істейтінін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"МузАРТ" тобының солисі мадақ естігенде құдайды еске алып, ішінен тәспі тартып тұратынын айтады. 

Реклама
Реклама

"Сәке, сізді мақтап жатқанда қалай тұрасыз, қандай сезімде боласыз?" дейді туған күнімдегі тілектерді тыңдаған Бекдулла досым. Мен: "Субxаналлаh (АЛЛА тағала ғана кемшілік атаулыдан пәк), Әлxамдулиллаh (Барлық мақтау АЛЛА тағалаға ғана тән), Аллаxу Акбар! (АЛЛА - ұлы!)" деп, ішімнен таспиық тартып тұра берем", деймін. Шындағында да біз ешкім емеспіз. Біздің кемшілік-күнәларымызды жасырып қойған АЛЛА мейірімділердің мейірімдісі ғой. "Сен жақсысың, алыпсың, сұлусың (көзің үлкен, кірпігің ұзын), күштісің, көріктісің, ұзынсың, ғажапсың, білімдісің, дәулеттісің, даусың әдемі...", деген мадақ ести қалсақ АЛЛА тағалаға тапсырыс беріп, өзіміз сұрап алғандай шалқайып, марқайып қалатын инсандық (ұмытшақтық) қасиетіміз де жоқ емес. ҚҰДАЙ қалады, біз болдық. Біреуді кемсітіп, кекетерде де кейінге көз жүгіртіп, титтей тамшыдан түзелгенімізді түйсініп, тәубемізге келіп жүрелік. Құшақтадым! Жұма мүбәрәк, жақсылар!", - деп жазды әнші. 


© instagram.com/saken_maigaziyev

Артынша қолданушылар әншінің тым қарапайым екеніне назар аударып, жылы лебіздерін білдірді. 

"Жұма мүбəрак болсын! Сөз жоқ сіз өте қарапайымсыз. Бұрын сіз туралы ойым басқаша болған. Тв.дан көргенде өзінше сияқты көрінетін кейін,Студент кезде Екі жұлдыз түсірілім алаңына барғанда т.б концерттерге барып сізді жақыннан көріп ешқандай Жұлдыз ауруымен ауырмайтыныңызды көргенде, өзімнің бұрынғы қате пікірімнен ойымнан ұялдым. Жаныңыздағылар керісінше екен. Сіз сияқты емес. Енді қазір Шоу-бизнестегі ең қарапайым сіз деп айта аламын. Былтыр 21 желтоқсанда Қайраттың концертіндегі Динара ханым екеуіңіздің қарапайымдылықтарыңызды көріп тағы таңқалдым. Суретке түсуден қашпай үлкенімен де, жаспен де, балалармен де тіпті өз ұялы телефоныңызға суретке түстіңіз сол балалармен. Кейбіреулер сияқты кейін бір айналып келіңдерші. Болды ма? Отырып түсе берейінші деген сөзде шыққан жоқ ауызыңыздан. Рақмет сізге", - деп жазды қолданушылардың бірі. 

Тағы бірі оның өзгеге үлгі болып жүруін тіледі. "Қарапайымдылық адам мінезін көркем ететіні хақ. Əрдайым осындай жақсы əңгімелеріңізбен біздерге үлгі болып жүресіз. Алланың сізге шексіз мейірімі төгілсін!", - деп жазды пікір жазғандардың бірі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная