“Сенбеңіздер“ - Тұрсынбек Қабатов өзі туралы қауесетті жоққа шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Белгілі қазақстандық әртіс және шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарып, видеоүндеу жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі қазақстандық әртіс және шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарып, видеоүндеу жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция рейді кезінде Қабатовтың "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі массаж салонының бірінде ұсталып, қашуға әрекеттенгені туралы жазба тараған болатын. Бұл ақпаратты кейбір БАҚ-та жазып үлгерді.

Instagram-да жарияланған видеода Қабатов мұны өтірік деп атады. Әртістің айтуынша, ол қазір Алматыда, онда "The Voice Қазақстан" шоуына түсіп жүргенін айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл өтірік ақпарат. Мен Алматы қаласындамын, 15 күн болды. Мен ешқандай "Манхэттен" (әлеуметтік желілерде аталған тұрғын үй кешенін – еск.) деген жерді білмейді екенмін. Өтірік ақпаратқа сенбеңіздер", – деді Тұрсынбек.

Айта кетейік, шоуменнің массаж салонында ұсталғаны туралы ақпаратты полиция Tengrinews.kz редакциясына да растаған жоқ еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама