19 қараша 2018 | 09:59

Серікбол Сайлаубек ән айтқанда қаруланған адамдар қоршап тұрған. ІІМ видеоны тексеріп жатыр

ҚР ІІМ өкілдері мерекелік шара ұйымдастырушалырының қару ұстаған адамдарды қатыстыруының себебін анықтап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ өкілдері мерекелік шара ұйымдастырушалырының қару ұстаған адамдарды қатыстыруының себебін анықтап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Қаруланған адамдардың күзетуімен өнер көрсетіп тұрған орындаушының видеосы Сарыағаш қаласында түсірілген. Алдын ала болжам бойынша, ұйымдастырушылар күзет агенттігін жұмылдырған", - деп хабарлады Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазіргі таңда тексеру жүргізіліп, оның мақсаты анықталып жатыр, содан кейін олардың және күзет фирмасының қызметкерлерінің әрекетіне баға беріледі.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Серікбол Сайлаубектің өнер көрсетуі әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Видео кадрларынан әнші мен көрермендер арасында қолдарында қаруы бар, оқ өтпейтін кеудеше киген адамдардың тұрғанын көруге болады. Қызу талқыға түскен видео әншінің Instagram парақшасында жарияланды. Серікбол Сайлаубек "тойға өзім барғам, өзім қайтқам" деп жазды. Сонымен қатар, ол үйлену тойында Юлдуз Усманова болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Білмим негізі тойға өзім барғам и өзім қайтқам Юлдуз Усманова тойға келген #Бізге ондай бақыт қайдан ????????????????

Публикация от Серiкбол Сайлаубек (@serikbol_sailaubek) 17 Ноя 2018 в 11:28 PST


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная