Сиви Махмудидің атышулы лаунж-бары жабылып тынды

"Sivi" лаунж-бары. © Лариса Черненко

Белгілі ?нші Сиви Махмудиді? лаунж-бары т?р?ындарды? шу?а байланысты к?птеген ша?ымынан кейін жабылып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі әнші Сиви Махмудидің лаунж-бары тұрғындардың шуға байланысты көптеген шағымынан кейін жабылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көңіл көтеру мекемесі орналасқан үйдің тұрғындарының бірі Лариса Черненко таяуда әкімдік пен полицияның қызметкерлері келгенін айтты. 

"Алаң алып тасталып, лаунж-бардың өзі жабылды. Бүгін жабылғаны туралы тақтайшаны суретке түсіріп алдым", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама


© Лариса Черненко

Өз кезегінде лаунж-бардың директоры Абай Бекжұманов мекеменің шын мәнінде жабылғанын растады. "Иә, көптеген шағым түсті, өз еркімізбен жаптық. Енді ашылмайды", - деді ол телефон арқылы.

 
Сиви Махмуди, ашық дереккөздерден алынған сурет

Еске салайық, әнші бұл көңіл көтеру мекемесін туған күніне сыйлыққа алған болатын. Осыдан кейін-ақ тұрғындар шағым түсіре бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда таңға дейін музыка ойнайды, адамдар шулайды. Ал кейін лаунж-бар әкімшілігіне 1,1 миллион теңге айыппұл салынған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама