Студенттер сарайында концерт кезінде бүлік шықты

© Тengrinews.kz

Ресейлік "Сплин" рок-тобыны? Алматыда ?ткен концерті дау?а ?ласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мы?да?ан адам келген студенттер сарайыны? концерт залынан. Концерт топты? "Ключ к шифру" атты альбомыны? т?сау кесеріне орай ?йымдастырыл?ан. 

Ресейлік "Сплин" рок-тобының Алматыда өткен концерті дауға ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мыңдаған адам келген студенттер сарайының концерт залынан. Концерт топтың "Ключ к шифру" атты альбомының тұсау кесеріне орай ұйымдастырылған. 

Көрермендердің наразылығын полицейлер тудырды, олар концерт барысында орнынан тұрып, би билеген фанаттарға орнында отыруды бұйырған. Құқық қорғау органдары бір фанатты желкелеп залдан алып шықты. Концерт тоқтатылды.  

Барлық келушілер орындарынан тұрып, болған жәйтке байланысты өз наразылықтарын білдіріп, ысқырып ер адамның босатылуын талап етті. Осыған дейін полицейлер ол адамға бірнеше рет ескерту жасаған. Ал, ол болса ескертуге қарамастан орнынан тұрып, би билеген. 

Реклама
Реклама

Бірнеше уақыт өткеннен кейін "Сплин" тобының фронтмені Александр Васильев микрофонды алып барлығына өз орындарына отыруды сұрады. 

Ұсталған ер азаматтың жібергенін-жібермегенін біз білмейміз, алайда барлық келушілер концертті тұрып тыңдады. "Рок-концертті отырып тыңдайтын жерде өткізгенін түсінбеймін. Біз билегіміз келеді. Бұл - өорлау", - деді "Сплин" тобының фанаты Лена Горяева. 

Осы оқиғадан кейін тағы бірнеше әндер орындалды. Васильев осы концерттің мәңгілік есте қалатынын айтып, әзілдеді. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама