Су бетінде кофе ішкен Тимати жұртты таңғалдырды

Су бетінде кофе ішкен Тимати жұртты таңғалдырды © instagram.com/timatiofficial

Ресейлік рэпер Тимати Instagram желісіндегі парақшасында қызықты видео жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік рэпер Тимати Instagram желісіндегі парақшасында қызықты видео жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Видеоның сипаттамасында "Жол-жөнекей массажға" деп жазған әнші серфинг тақтасында тұрып. Осы сәтінде ол кофе ішеді. Тепе-теңдікті сақтап, камераға қарап та үлгереді. Сондай-ақ, ол ақ халат киіп, басына орамал орап алған. 12 сағатта видеоны  3 миллионға жуық адам тамашалап, 14 мыңға жуық пікір жазылған. Видео Түркияның Кемер қаласындағы Rixos Sungate жағалауында түсірілген болуы мүмкін. 

Жарнама
Жарнама

35 жастағы орындаушы бұрыннан серфингпен шұғылданады. Мәскеуде ол осы спорт түрімен жасанды толқындары бар арнайы бассейнде жаттығады. Осыған дейін ол екі қолына кофе мен шаурма ұстап, серфинг тепкен болатын. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама