ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2022 | 16:18
Танымал қазақстандық топ мүшелері мен әнші концертте ұятқа қалды
"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиев сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиев сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен. Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып кеткен.
Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырып жіберген.
"Тәп-тәуір жігіттер еді ғой. Сахналық мәдениет қайда кетті, жігіттер?", - делінген Aqparat kz Instagram-парақшасындағы жазбада.
Қолданушылар әншілер мас деп топшылаған.
Сонымен қатар, Желіде тараған видеолардың бірінде "бәрі ішіп алғаны, концерт онша емес өткені және ұйымдастыру нашар болғаны" жазылған.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.
@dinara.uzakhbaeva♬ оригинальный звук - dinara.uzakhbaeva
@alem.salem♬ оригинальный звук - 1465
Артынша, әнші Асхат Жолшиев туды адамдарға лақтырғаны қате болғанын айтып, кешірім сұрады.
"Мен туды қорлау үшін емес, ертең бір адамға естелік болсын деп ойладым. Сен де, мен де - пенде! Артық кетсем айып етпеңдер!", - деді Shiza.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также