09 желтоқсан 2016 | 11:13

Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың үйленгені жайлы ақпарат жоққа шығарылды

Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың үйленгені жайлы ақпарат жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың үйленгені жайлы ақпарат жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, актер мен әнші үйленді деген ақпаратты Alashinform.kz сайты "сүйіншілеп" жазған болатын. "Қазіргі таңда әлеуметтік желіде Тәуекел мен Жанардың суреттері танымал болуда. Бұл суретке жұлдыздарымыз не деп жауап береді екен? Бәлкім рас шығар...", - деп жазған еді басылым тілшілері.

Реклама
Реклама

Алайда әнші Жанар Дұғалованың директоры Нұржауан Табылдиева бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Бұл жалған жаңалық. Ал бұл суреттің түсірілгеніне көп уақыт болған. Бұл сурет бір журналдың жарнамасына арнайы фотосессия ұйымдастырылып, түсірілген. Журналистің еңбектенбейтіні көрініп тұр", - деп пікір білдірді әншінің директоры.

Тәуекел Мүсілімнің директоры Жанна Әбуова да бұл суреттің журналдардың бірінің тапсырысы бойынша түсірілгенін, ал актер мен әншінің үйленгені жайлы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, актердің үйленгені жайлы ақпарат бұған дейін де шыққан болатын. Тәуекел Мүсілімнің үйлену тойында түсірілген делінген суреттері де Желіде жария болған.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная